top of page

Сенің құшағыңда

Қарасам сенің көзіңе
Бар әлемді көремін,
Қалай ғана сол сезімді
Бір жүрекке түйемін?

Жанымда сезсем деміңді
Қуанышқа шомылам.
Сендей ару тағдырыма
Сиқырлықпен жазылған.

Сенсіз өткен өмірімді
Мен жалғанға теңеймін.

Сол жалғаннан оянсам деп
Жаратқаннан тілеймін.

Қасымда жүрген күндерді
Қиялыма балайын.
Көз жұмсам да бір күні
Құшағыңда жұмайын...

5 наурыз, 2024 жыл

Сенің құшағыңда

Жүрегім ақ

Ей, тәкаппар дүние
Жаман көзбен қарайсың,
Кел дейсің маған, іздейсің
Бірақ мені таба алмайсың.

Сұлу көзбен арбайсың
,
Аяғымнан орайсың.
Се
нің құлың емеспін мен,
Бекер мені таңдайсың.

Қуланып қанша жүрсең де
Адал досым болмайсың.

Жүрегім ақ менің, ниетім таза
Соны неге ұқпайсың?

Жылдар бойы тер төгіп
Ақымақтарды алдайсың.

Маған енді сен келме,
Келген сәтте оңбайсың.

12 наурыз, 2024 жыл

Жүрегім ақ
bottom of page